Астанада тағы бірқатар көше жабылды

Астана тұрғындары мен қонақтары көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауы және балама көшелерді пайдалануы керек.

Елордадағы бірқатар көше уақытша жабық тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты бас қаладағы бірқатар көше жабылды", – деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;

Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағынауданына қарай 70 метр.