Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгереді

Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Елордада төрт бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларын алуға байланысты төрт бағдардағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді", - деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Осыған байланысты №43, 10, 12, 51 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, – деп қосты ведомство.

Өзгерген қозғалыс сызбаларын келесі  суреттерден көруге болады.