Париж Олимпиадасының жүлдегері Нариман Құрбановтың үйлену тойы өтті

Гимнастика федерациясы спортшыларды қуанышымен құттықтады.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанованың үйлену тойы өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.      

Спортшылардың үйлену тойы Алматы қаласында өткен. Тойға еліміздің танымал спортшылары шақырылды. 

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы және Азия біріншіліктерінің жүлдегері. 

Гимнастика федерациясы спортшыларды қуанышымен құттықтады.

«Спортшыларымыз Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанова отбасын құрды! Жастарға мол бақыт пен баянды махаббат тілейміз!» – деп жазды федерациядан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.