Риддерде бес айлық нәрестенің саусағына ойыншық қыстырылып қалды

Ата-анасы баланың саусағын өз бетінше босата алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

ТЖМ құтқарушылары Риддер қаласында сәбиді құтқаруға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Риддер қаласында бес айлық нәрестенің саусағы балалар ойыншығына қыстырылып қалды. Ата-анасы баланың саусағын өз бетінше босата алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. 

Оқиға орнына келген құтқарушылар авариялық-құтқару құралының көмегімен ойыншықты шешіп, баланың саусағын босатты. 

Кішкентай бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.