Ауыр дертке шалдыққан танымал актер қолдау білдірген халыққа алғыс айтты

Актердің қатерлі ісікке шалдыққаны жайлы әріптесі Саят Исембаев айтқан еді.

«Рэкетир» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Мұрат Бисембин көпшілікке алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Сәлем! Баршаңызға көп рақмет айтқым келеді. Сіздерге тек жақсылық тілеймін! Сіздерге, отбасыларыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет! Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін! Ауырмаңыздар, мен де тезірек жазылуға тырысамын», – деді Мұрат Бисенбин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Актердің қатерлі ісікке шалдыққаны жайлы әріптесі Саят Исембаев айтқан еді.

«Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр», – деді Саят Исембаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бисенбин Мурат (@murat_bissenbin)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.