Шымкентте теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз қағып кетті

Оқиғаның себебі мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Шымкентте теміржолдың тыйым салынған тұсынан өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, қайғылы оқиға Измайлов пен Жангелдин көшелерінің аралығында 21 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болды. 

Пойыз қатты жылдамдыққа енді қосыла бастағандықтан машинист оны тоқтатып үлгермеген. Жарақаттар тым ауыр болды, сондықтан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм шамамен 30-35 жаста.