Президент шахматтан әйелдер құрамасын жеңісімен құттықтады

Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Айта кетейік, Будапештте өткен сайыста Қазақстан қыздар құрамасы 18 ұпай жинап, алғаш рет жүлдегер атанды. Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады. 

Алтынды Үндістан құрамасы алды. Олар бізден 1 ғана ұпаймен алға шыққан.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.