Оралда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қатарластары тоғызыншы сынып оқушысын зорлады, – деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, фактіні Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 8 наурызда оқушының ата-анасы мерекені достарымен бірге атап өтуге рұқсат беріп, ал өздері кетіп қалған. Нәтижесінде, бірнеше жігіт қызды зорлаған. Сондай-ақ, зорлау фактісі қалалық білім бөлімінің басылымында да жанама түрде расталды. Осылайша, тәрбие бөлімінің бас маманы Жазира Рысқалиева осы оқиғадан кейін Орал мектептерінде өткізілетін іс-шаралар туралы хабарлады. «Қаланың барлық мектептерінде біз 3 сәуірге дейін барлық параллель сыныптарда ата-аналар жиналысын өткіземіз. Біз бұл жағдайды нақты қозғамаймыз, бірақ ата-аналарға олардың балаларының қауіпсіздігіне қатысты түсіндіреміз. Мысалы, оларға балаларға осындай іс-шараларға рұқсат берудің қажеті жоқ, қалта шығындарын беру туралы түсіндіретін боламыз. Жиынға мектеп инспекторлары, медиктер мен психологтар қатысады», – деді бас маман. Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.