Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.