«Қатты қорқып қалдым»: актриса Фариза Ескермес зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтты

Бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармаған ол такси жүргізушісін тауып, сотқа бермегеніне өкінетінін жеткізді.

Актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасында 17-18 жаста болған кезде зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қуанышқа орай, бұл жағдайдың соңы жақсы аяталған. Өйткені оны жолда көмек сұраған адамдар құтқарып қалыпты.

"Әке-шешем тау жақта тұрады. Ол жаққа бару үшін алдымен трассаның бойымен, кейін бұрылып, тағы ұзын жолмен жүру керек. Ол жолда көп ешкім жүрмейді. Ағаштар көп, шағын өзеннің бойы. Таксист – жас жігіт. Түрі әлі есімде. Сол жігіт көлікті тоқтатты да, шешіне бастады. Мен шошып кеттім, алдымда пакеттер тұрған. Терезені ашып үлгердім де, "Көмектесіңдер" деп айқайладым. Сол кезде алыстан адамдар көріп, қолшаммен жүгіріп келді. Сол кезде ол мені көліктен итеріп құлатып, солай құтқарылып қалдым. Менің әлі күнге дейін өкінетінім, камералардың бәрін ашып, сол адамды табуым керек еді. Мен қорқып қалдым. Оны іздемек түгілі, үйден шыққым келмей қалды", – дейді актриса.

Бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармаған ол такси жүргізушісін тауып, сотқа бермегеніне өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар қыздарға  өзінің қателігін қайталамауға шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.