«Ер жігіттің басына не келіп, не кетпес»: Жанқош Тұраров өзі туралы даулы жағдайға қатысты жазба қалдырды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

Боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

«Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да6 ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер! Аққа - Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір хайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын», - деді боксшы.

Айта кетейік, Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың  (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. 

Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірген болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.