Семейлік өрт сөндірушілер 13 адамды өрттен құтқарды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Семейде өрт сөндірушілер 13 адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласында Шәкәрім даңғылының бойында 10 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында 15 шаршы метр алаңда балкон өртенді.

- ТЖМ күштері пәтерлерден 13 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген хабарламада.