Шерзат Полаттың ісі бойынша тағы үш адам ұсталды

Ұсталғандар саны 10-ға жетті.

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша тағы үш күдікті ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін аталған қылмыстық іс бойынша жеті адам ұсталған болатын. Осылайша, ұсталғандар саны 10-ға жеткені белгілі болды.

– Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олар – қорғану құқығы бар куәгерлер, – деп нақтылады Берік Адамов брифингте.

Қазір кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.