ҰҚК екі шымкенттік азаматты қылмыс үстінде ұстады (видео)

Олар сот санкциясымен қамауға алынды.

ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, олар сот санкциясымен қамауға алынды.

– 10 келіге жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.