БҚО Полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлы 10 жылға сотталды

Тергеу барысында Арыновтың синтетикалық есірткілерді жерге көміп таратқаны анықталды.

Ақтауда сот 26 жастағы Нұржан Арыновқа үкім шығарды, ол есірткі таратты деп айыпталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу барысында Арыновтың синтетикалық есірткілерді жерге көміп таратқан. Ұсталған азамат Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарының ұлы екені анықталды.

Ұстау кезінде Арыновтан 33 қалта психотроптық заттар, екі қалта мефедрон, жеті қалта басқа синтетикалық есірткі, сондай-ақ электрондық таразы, металл қасық, скотч және фольга табылды.

Арыновқа қатысты алғашқы сот үкімі емес. 2024 жылдың мамыр айында ол осы қылмысы үшін ақталған. Алайда бұл оқиға қоғамда үлкен дау туғызғаннан кейін, полиция қызметкерінің ұлына қатысты ақтау үкімі жойылды.

Қазан айында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қайталама үкім шығарып, Нұржан Арыновқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Арыновтан 103 500 теңге сомасында жәбірленушілерге өтемақы қорына ақша өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.