Хамза жаттығу кезіндегі видеосын жариялап, жекпе-жек күнін атады, - деп жазады Aikyn.kz.
"Жаттығу лагеріне оралдым, енді 22 ақпанды асыға күтемін! Толық ақпарат жуырда айтылады", - деген оның сөзін vesti.kz жариялады.
Еске салайық, WBO Ширазды ұйым чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) міндетті қарсылас еткен. Енді олардың жекпе-жегі ақпан айында Лондон (Англия) немесе Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді деген мәліметтер айтылуда.