Ақтөбе облысында қалааралық такси жүргізушісі екі айда 51 рет жол ережесін бұзған

31 жастағы ер адам рұқсатсыз Ақтөбеден Қызылордаға жолаушылар тасымалдап жүрген.

Ақтөбе облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, Самара-Шымкент тасжолында профилактикалық іс-шара барысында полицейлер 31 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Alphard көлігін тоқтатқан, – деп жазады Aikyn.kz.

Тексеру барысында екі айдың ішінде жүргізуші 1 миллион теңгеге жуық сомаға жылдамдықты 51 рет асырғаны анықталды.

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.