Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.
Instagram желісіндегі парақшасында Ахмедов залда жаттығып жатқан видеосын жариялады. Видеода Ахмедовке Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері – Абель Санчестің көмектесіп жүргенін де байқауға болады.
Vesti.kz жазғандай, қазір Ахмедовтің ісін промоутер Том Леффлер жүргізеді, кезінде ол да GGG-мен жұмыс істеген.
Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 13 желтоқсан Санта-Инеседе өтеді. BoxRec.com мәліметінше, қарсылас америкалық Рафаэль Игбокве (17-5, 7 КО).