Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.
Вагондар ауаны баптау жүйесімен, биодәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.
Биылғы жылдың алғашқы 9 айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.