БҚО-да көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім бостандыққа шықты

Жазасын өтеу кезінде Серікқалиев ішкі ережелерді бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысқан, 15 рет көтермелеу алған.

Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталып, 8 жылдан кейін өтелмеген мерзімін шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш білдірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұрынғы шенеуніктің нақты мерзімі шартты мерзімге 2024 жылдың сәуірінде ауыстырылды. Бірақ бұл қазір ғана белгілі болды. Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өтелмеген жазаны шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш білдірген. Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын ғана өтеді, мерзім 2027 жылдың 14 наурызында аяқталуы керек еді.

Соттың мәліметінше, жазасын өтеу кезінде Серікқалиев ішкі ережелерді бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысқан, 15 рет көтермелеу алған.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің нақсүйеріне екі адам шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел аман қалып, Теректі ауданының ТКШ бастығының жүргізушісін танып қойған. Сот талқылауы барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев өзінің досы ТКШ бастығы Қожамұратовтан әйелді өлтіруін сұрағаны белгілі болды. Өйткені олардың арасында қызы болған, сол арқылы әйел оны бопсалады. Өз кезегінде Қожамұратов тапсырысты орындаушы ретінде өз жүргізушісін 500 мың теңгеге жалдап, әйелді өлтіруді тапсырған.

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына үкім 2016 жылғы 1 қыркүйекте шығарылды. Оларға қатаң режимдегі колонияда 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, соттан кейін жәбірленушінің өзі үкімге шағымданатынын айтты, өйткені Жеңіс Серікқалиевті кінәсіз деп есептейтінін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.