Астанада Қазақстан мен Словакия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

Әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калиняк әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Словакия қорғаныс ведомствосы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінде кездесулер жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.