Оралдағы Шаған өзенінің жағалауынан жас жігіттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 1 қараша күні Шаған өзенінің жағасындағы Жас натуралистер стансасы маңынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мәйіт сараптамаға жіберілді.
– Жігіт өзеннен балық аулаған. БҚО Полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, аса сақ болуды ескертеді, – делінген хабарламада.