Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің атынан алты спортшы бақ сынауда.