7 қараша күні кешке Тараз қаласының орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық-зомбылықпен өлтірілген екі әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмдардың бірі Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
– Оқиға орнына Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу-жедел шаралар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомство.