«Өмірім өзгерді»: Баян Алагөзова сәбилі болғаннан кейінгі әсері туралы айтты

Продюсер кішкентай қыздарының денсаулығы туралы жаңалықтарымен де бөлісті.

Жақында ғана екі қызы дүниеге келген Баян Алагөзова күнделікті өмірі «үй-жұмыс» режимінде өтіп жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. ⠀  

«Мен мейрамханаларға баруды, әртүрлі елдерге саяхаттауды қойдым. Әзірге солай болып тұр. Балалар өте кішкентай, сондықтан мен мұндайдан бас тартып отырмын. Ешқайда бармаймын. Ешқандай кештерге, адамдар көп жиналатын премьераларға бармаймын. Өзімді түрлі микробтардан, бактериялардан қорғаймын. Жалпы, әрине, өмірім өзгерді», – дейді Баян Алагөзова Instagram желісінде.

Продюсер кішкентай қыздарының денсаулығы туралы жаңалықтарымен де бөлісті. Оның айтуынша, Алманың жағдайы жақсы, ал Алисаға аздап салмақ қосу қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.