Екі айда 308 рет жол ережесін бұзған ақтөбелік жүргізуші ұсталды

ВАЗ-2114 көлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғын қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырған.

Екі айдың ішінде 308 рет жол ережесін бұзып, 11,5 миллион теңге айыппұл арқалаған ақтөбелік жүргізуші қолға түсті, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол көліктің мемлекеттік нөмірі  шетелдік болғандықтан, жазаланбайтынына сенімді болған, бірақ патрульдік полиция қызметкерлері оны тауып алған.

Айыппұл сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрайды.

Көлік арнайы тұраққа қойылды.