Қостанай облысында мал іздеуге кеткен ер адам бес күннен бері табылмай жатыр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жоғалған ер адам жалдамалы жұмысшы.

Қостанай облысында қолайсыз ауа райында мал іздеуге кеткен ауыл тұрғыны жоғалып, бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қарабалық ауданы Славенка ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туған ер адам мал іздеп кетіп, кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаңдаған жұмыс берушісі полициядан көмек сұрады",  деді ведомство.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіру 5 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Шекара қызметі, еріктілер, сондай-ақ кинологиялық есеп пен пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Департамент тұрғындарға, әсіресе күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.