"Екі туған күнді де тойламаймыз": Ерке Есмахан тосын мәлімдеме жасады

Ерке Есмахан қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады дейді.

Әнші Ерке Есмахан ұлы мен өзінің туған күнін тойламайтындарын айтып, желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйыртса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйыртса, жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады", – деп жазды Ерке Есмахан

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.