Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Куәлікті Ақтөбеде өтіп жатқан ел біріншілігінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс еткен.
«Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», - деп жазды спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.