Ақтауда бір жасар бала ваннаға шомылдыру кезінде көз жұмды

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін нәресте белгісіз себептермен жан тапсырған.

Ақтауда бір жасар бала ваннаға шомылдыру кезінде көз жұмды. Қайғылы оқиға 4 қараша күні болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, баланың өліміне нақты не себеп болғаны әлі жария етілмеген.

– 29-шы ықшамаудандағы №3 үйден 4 қарашада сағат 22:38-де бір жасар баланың денсаулығына байланысты шақырту келіп түсті. Әкесінің айтуынша, нәресте ес-түссіз болған. Дәрігерлерге хабарласқанға дейін, шамамен 15-20 минут бұрын бала ойыншықтарымен бірге су толы ваннада отырған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін нәресте белгісіз себептермен жан тапсырған. Бала өлімі туралы деректер 102-ге жолданды, – деді Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметі.