ТЖМ құтқарушылары бес жасар балаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Петропавл қаласында баланың саусағы пластмассадан жасалған ваннада қысылып қалған.
Құтқару қызметіне баланың қысылып қалған саусағын шығара алмаған анасы қоңырау шалып, көмек сұрады. Құтқарушылар оған ісікті азайтуға кеңес беріп, жедел түрде үйіне келді. Шанц құралының көмегімен ваннаны кесіп, баланың саусағын босатты.
Балаға дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.