Жалпыға бірдей декларация: мемлекеттік органдар қазақстандықтарды банк арқылы тексереді

Қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандықтарды декларация тапсырудан босатуға қарамастан, банк құпиясы операциясымен мемлекеттік органдар тексеретінін айтты.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандықтарды декларация тапсырудан босатуға қарамастан, банк құпиясы операциясымен мемлекеттік органдар тексеретінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Министрдің айтуынша, Қазақстанда банк құпиясы салық тексерісі аясында қаражат айналымын тексеру үшін жүргізілетін операция екенін айтты.

"Бізде база бар. Сатып алу-сату мәмілесі. Біз мүлік сатып алынғанын көреміз. Біз осы адамға сұраным жіберіп, банк шоттарының қозғалысы туралы ақпарат ала аламыз", – деді ол.

Мәди Тәкиев бірінші кезекте мұндай тексеріске көлік немесе үй сатып алған адам түсетінін атап айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.