Қамшыбек Қоңқабаевтың ұлттық құрамадан шеттетілуінің себебі белгілі болды

Қамшыбек Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019 жыл).

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Қамшыбек Қоңқабаевтың Таиландта өтетін Азия чемпионатына неліктен қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz 

“Қамшыбек Қоңқабаевтың гаймориті асқынған. Сондықтан ол оқу-жаттығу жиынына және алдағы Азия чемпионатына қатыса алмайтын болды», - деді ол.

Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Чиангмайда (Таиланд) 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Бастапқыда чемпионат Амман (Иордания) өтуі тиіс еді, кейін қауіпсіздікке байланысты турнир кейінге шегерілді.