24 қарашада таңертең Өскемендегі Астафьев көшесі бойындағы ЖК бірінің аумағында гараж боксында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері 30 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндіріп, өрт аймағынан 5 автокөлік пен бір газ баллонын шығарды.
Зардап шеккендер жоқ.
– Өрттің себебі – пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.