Батысқазақстандық құтқарушылар өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
25 қараша күні 112 пультіне 2003 жылы туған қыз Орал қаласындағы Шаған өзенінің көпірінен секіргені туралы хабарлама келіп түскен.
– Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ құтқарушылары қызды өзеннен шығарып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында қыз аман қалды, – делінген ТЖМ ақпаратында.
Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.