Астанада полиция қызметкері қыз зорлады деп айыпталды

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Астанада полиция қызметкері қыз зорлады деп айыпталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желілерде Астанада 2003 жылы туған қызды жедел уәкіл қызметкері зорлады деген ақпарат тарады.

Мәліметтерге сәйкес, полиция қызметкері пәтерге келіп, есікті ашқан қызға куәлігін көрсеткен, бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол қайтып келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған, содан соң қызға шабуыл жасап, зорлық жасаған.

Қалалық Полиция департаменті күдіктінің бұрынғы полиция қызметкері екенін және оның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалғанын мәлімдеді.

- Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған, – делінген ақпаратта.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.