Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында енді Қазақстан азаматтарына діни экстремизм қаупі және мұндай әрекеттер үшін тағайындалатын жаза туралы SMS хабарламалар жолданады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бірінші хабарлама:
Қазақстан Республикасының аумағында мәліметтер мен материалдар, сол сияқты өзге де өнімдер бар масс-медиа өнімдерін дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны, таратқаны үшін діни алауыздықты қоздыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Екінші хабарлама:
Тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Үшінші хабарлама:
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
SMS хабарламалар жылына бір мәрте жолданады.