ЛРТ жаяу жүргіншілер өткелдерін салу үшін Астанадағы Сығанақ көшесінің учаскелері 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жабылады, – деп жазады Aykin.kz.
LRT жобасының №№ 112–118 стансаларында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салу үшін қадалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мына учаскелерде қозғалыс толығымен шектеледі:
Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Сығанақ көшесінің бөлігінде;
Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақтағы Түркістан көшесі бағытына шығатын жолда.
City Transportation System астаналықтарға сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес берді және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.