Астанада жүк көлігінің багы жарылып, 3 адам зардап шекті

Өрт 15 шаршы метр алаңды қамтыды.

ТЖМ баспасөз қызметі жалынның сөндірілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Астанада үш қабатты әкімшілік ғимараттың гаражында жүк көлігінің жанар-жағармай багы жарылып, үш адам зардап шекті.

Оқиға 30 қарашада Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде болған.

Зардап шеккендер оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өрт 15 шаршы метр алаңды қамтыды.