Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жектері өтті, – деп хабарлайды Aykin.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 67 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 1/8 финалда Тайпей спортшысы Джиа-Джун Чиуан Вангпен қолғап түйістірді.
Бойы қарсыласынан қарағанда ұзын жерлесіміз айқасты қашықтықтан бақылап, алға ұмтылған Тайпей өкілінің қателігін тиімді пайдаланды. Есеп: 5:0
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.