Бүгін Финляндияның Рука курортында фристайл-могулдан Әлем Кубогының кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз Юлия Галышева, Аяулым Әмренова мен Анастасия Городко іріктеуде үздік 16 спортшының қатарына қосылып, шешуші кезеңге жолдама алды.
Кейін жалпы есепте Анастасия Городко 7-орынға тұрақтаса, команда көшбасшысы Юлия Галышева 8-ші, Аяулым Әмренова 12-сатыға табан тіреді.
Финал-1 (TОП-16):
Анастасия Городко - 71.44 ұпай
Юлия Галышева - 71.37 ұпай
Аяулым Әмренова - 69.40 ұпай (бүгін туған күні)
Бүгін барлығы жарыс жолына 37 спортшы шықты. Рукадағы жарыс нәтижесінде Анастасияға 7-орын үшін FIS рейтингінде 360 ұпай, Юлияға 320, ал Аяулымға 220 балл қосылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.