Павлодарда полицейден қашқан көлік жүргізушісі ағашқа соғылды. Жол апаты Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Aykin.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі полицияның күдігін тудырған.
"Ол қызметкерлердің тоқтату туралы талаптарын елемей, жылдамдықты арттыра берді. Расков көшесінде рульге ие бола алмай, ағашқа соғылып, қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды", - деп хабарлады департамент.
Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Тексеріс қорытындысы бойынша, оның мас екені анықталды.
Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.