Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем кубогында үшінші орын алды

Бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.