Алматыда тұрғын үйден 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел қамауға алынды. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 қараша күні болған.
"Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген ПД мәлімдемесінде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.