Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастыратын болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын шарттайды. Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.