Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитті құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.