Жамбыл облысында бірнеше ауыл Тараз қаласының құрамына қосылатын болды

Сонымен қатар Тараз қаласы екі әкімшілік ауданға бөлінетін болады.

Жамбыл облысындағы 14 ауыл Тараз қаласының құрамына қосылады. Олардың барлығы Жамбыл және Байзақ ауданына қарасты елді мекендер, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Осылайша облыс орталығының аумағы 13 мың гектарға ұлғаяды. Ал 47 мыңға жуық тұрғын тараздық атанып, қала халқы 480 мыңға жетпек.

Атап айтқанда Жамбыл ауданынан Шайқорық, Ақбұлым, Бектөбе, Қызылшарық, Жалпақтөбе, Түрксіб, Сұлутөр және Қоңыртөбе ауылы бар.

Ал Байзақ ауданынан Қызыл жұлдыз және Талас ауылы қалаға қосылады. Жоспар жаңа жылдан кейін жүзеге асады.

Оған дейін ауылдардың әлеуметтік мәселесін шешу бойынша арнайы "Жол картасы" әзірленбек. Кейін Тараз қаласы екі әкімшілік ауданға бөлінеді.