2 желтоқсан күні Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
volcanodiscovery.com мәліметінше, жер сілкінісі сағат 14:48-де Ақтаудан 79 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте болған.
Жерасты дүмпуін Түпқараған ауданы мен Шетпе ауылының тұрғындары сезген.