Боксшы Алуа Балқыбекова Азия чемпионатынан шығып қалды

Алуа алғашқы кездесуін 2 желтоқсанда өткізуі керек еді.

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсете алмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дәрігердің шешімі бойынша ол денсаулығына байланысты жарыстан шеттетілген.

“Орташа дәрежедегі ішек синдромымен жедел гастроэнтеритке байланысты спортшыны жарыстан шығару туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді ҚБФ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алуа алғашқы кездесуін 2 желтоқсанда өткізуі керек еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.