Елшілік Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Кореядағы елшілігі елде әскери жағдай жариялануына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Кореядағы елшілігі елде әскери жағдай жариялануына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Корея Республикасы президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы Елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше кешке Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль шұғыл баспасөз мәслихатын өткізіп, елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеген болатын. Кейін әскери жағдай режимін алып тастады. Министрлер кабинетінің отырысы болатынын мәлімдеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.